«Келіншектау – кербезім». Түркістандағы Ұлы Дала елі орталығында суретші Ақмарал Байғараеваның осындай жеке көрмесі өтті. Қазақстанның халық суретшісі, Ә.Қастеевтің 120 жылдығына арналған көрмеге Созақ сахарасының сайын даласы мен өлке тарихы бейнеленген картиналар қойылған. Әсемдік пен үйлесімділікке толы көрмеге қызығушылық білдіріп, тұрғындар тамашалады. Қылқалам шеберінің әр картинасының өзіндік мағынасы бар. Бірі Отанға деген махаббатты бейнелесе, екіншісі қоршаған ортаның ғажап көрінісін суреттеген.