Жұмыс күші тапшы өңірлерге оңтүстіктен көш биыл да жалғасады. Сайрам ауданында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау мен Абай облыстарынан келген делегаттар халқы тығыз орналасқан ауданның тұрғындарымен кездесті. Қандай мамандар қажет екенін, көшкен жағдайда қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді. Делегаттар «қоныс аудару» жәрмеңкесінде халыққа 11 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Шараға қатысқан 113 азамат қоныс аударуға ниет білдірген.