Түркістан
EN

«Жаңа өмір – жаңа күн» - Түркістанда Амал күні атап өтілуде

186
14.03.2024

Түркістан қаласында Амал мерекесі тойланды. Шараға қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері шақырылған. Олар бір-бірінен қыстан күйлі шыққанын сұрап, төс қағыстырды. Мерекелік шараны қала орталығындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған. Олар келген қонақтарға Наурыз көже ұсынып, түрлі дәнді-дақылдардан дәм ауыз тигізді. Сондай-ақ, сахналық көрініс қойып, әннен шашу шашты. Мың бұралған бишілер де көпті тәнті етті.