Байқасаңыз, соңғы кезде қазақ қыздары шетелдік брендті емес, ұлттық нақыштағы әшекейлерді трендке айнылдырып келеді. Әсіресе соңғы жылдары түрлі ою-өрнекпен көмкерілген бұйымдарға сұраныс артқан. Оны зергерлер де растап отыр. Ұлттық стильді ұлықтаған шебермен тішіліміз тілдесіп қайтқан еді. Сюжеттен көрейік.
Әйел жаны қашанда әдемілікті сүйеді. Сондықтан болар, әшекей көрсе көзі жайнап кететін қыз-келіншектер кемде кем. Әсіресе осындай ұлттық стильдегі дүниелерге қызығатындар көп. Бірақ көркіңізді ашып, көңіліңізге қонатын бұйымдар арзан тұрмайды. Өйткені зергерлік өнер – шеберліктің нағыз шыңы.
Нұрғали Оспановтың қөлөнермен айналысып келе жатқанына 20 жылдан асқан. Жастайынан күмістен, ағаш пен былғарыдан бұйымдар жасағанды жаны сүйеді. Дегенмен шебер уақыт өте келе зергерлік өнерді таңдаған. Бүгінде көздің жауын алар әшекейлер мен кәдесыйлар жасайды. Ол үшін түрлі металлдар, сүйек, тіпті кейде мүйіз де қолданады екен. Соған сай зергердің бір бұйымы екіншісіне ұқсамайды. Барлығы дерлік - экслюзив.
НҰРҒАЛИ ОСПАНОВ – ЗЕРГЕР
Зергер соңғы кезде ұлттық нақыштағы дүниелерге сұраныс артқанын айтады. Бағасын да жасырмады. Мәселен, мынадай көлемді бойтұмарлар 70-мың теңгеден жоғары бағаланады. Оны кез келгеннің қалтасы көтере бермейтіні анық. Бірақ шебер барынша халықтың қалтасына ыңғайлы болатын дүниелерді дайындаймын,-дейді.