Түркістан
EN

Абай облысында өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді

182
13.03.2024

Еліміздің шығысында апта басынан күн райы күрт жылыды. Сондықтан қар көшкіні қаупі жоғары. Ал коммуналдық мекемелер тасқынға тосқын жұмыстарын күшейткен. Өзен-көлдерде мұз кептелісі болмас үшін жарылыс жұмыстарын бастады. Бүгін Абай облысында мамандар 15 мың шаршы метрден аса аумақта жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға 1000 келіден астам жарылғыш заттар пайдаланылған. Айта кетейік, мұз жару жұмыстары Семейдің іргесінде, Ертіс және  Бородулиха  ауданындағы Уба өзендерінде жүргізілді.

ЖАРҚЫН ТЛЕБАЛДИН - ТЖБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ