Түркістан
EN

Сәкен Бибосынов олимпиадаға жолдама алды

246
12.03.2024

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Енді ол Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайды. Атап айтсақ, 51 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз ширек финалда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ұлыбританиялық Киаран Макдональдтан айласын асырып, лицензияға қол жеткізді. Бибосынов бірінші және екінші раундта қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үшінші раундта бір рет нокдаун алды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен отандасымыз Олимпиада жолдамасына ие болды. Осылайша Сәкен Бибосынов екінші мәрте Олимпиадада бақ сынамақ. Айта кетейік, Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай да Парижде өтетін Олимпиадаға үш лицензияны жеңіп алған еді. 

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ