Түркістан
EN

Ірі қара мал бордақылайтын кешен салынбақ

221
12.03.2024

Түркістан облысы Сайрам ауданында бір мезетте 10 мың ірі қараны бордақылайтын кешен салынбақ. Жанында қосымша құрама жем шығаратын цех және мал сою алаңы да қарастырылған. Бұл мақсатта 50 гектар жер телімі бөлінді. Одан бөлек нысанда ірі қараның терісі мен өзге де қалдықтарын қайта өңдеу қолға алынбақ. Толығырақ келесі сюжетте.

Кешен Сайрам аудандағы ең ірі мал бордақылау алаңының бірі болмақ. Шаруалардың айтуынша, жоба құны 6 млрд. теңгеден асады. Қаржыны көршілес Өзбекстан республикасы бөліп отыр. Ол жыл соңына дейін іске қосылмақ.  Ең бастысы, мұнда мал сойылғаннан кейінгі қалдықтар кәдеге асырады.

БАБУР МОЛАЙХАНОВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ 

Одан бөлек,  шаруа қожалық  биыл 2000 басқа арналған бордақылау алаңын ашқан. Құрылыс жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Сондықтан уақытша 700 ірі қара бордақылануда. Әрқайсысына күн сайын 20 келіден астам жем беріледі. Ал, мал азығы түрлі дақылдардан дайындалады екен.

БАБУР МОЛАЙХАНОВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ 

Жалпы ауданында былтыр 42 мың тоннадан аса ет өндірілген. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға жоғары. Жауаптылар алдағы уақытта тағы бірнеше жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

АСЫЛ ӘСЕТОВ  - САЙРАМ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ 

Еске салсақ, облыста сыйымдылығы 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңы бар. Аталған ірі кәсіпорындардың басым көпшілігі Сайрам ауданында орналасқан.