Арыс қаласында қатты отынмен жылытылатын орталық қазандықтар табиғи газға ауыстырылады. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, аталған бастама жылуды тұтыну шығындарын едәуір азайтып, өңірдің экологиялық жағдайының жақсаруына оң ықпал етпек. Баспасөз мәслихатын өткізген әкім қалаға инвестиция тарту, жол төсеу, құрылыс жүргізу бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндап, газдандыру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала бағыттарында жүзеге асқан ауқымды жобалар легін тізбектеді.
ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ