Түркістан
EN

Кентауда зауытқа 80 миллион теңге шығын келтірген экс-директор ұсталды

214
01.11.2021

80 млн теңге талан-таражға салынды. Кентаудағы зауыттың бірін басқарып келген экс директор 6 бірдей техниканы сатып жіберген. Ол құрылғылар зауытқа тиесілі елді. Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қомақты қаржыны қалтасына басып, Алматы қаласында бой тасалаған. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ұсталып, Кентау қалалық полция бөліміне жеткізілді.