Түркістан
EN

Президент Жұмабай Шаштайұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

23
12.03.2024

Қарымды қаламгер, белгілі публицист Жұмабай Шаштайұлы бақилық болды. Оның жаназасы ертең, 13 наурызда өтеді.  Қайғылы жәйтқа байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасы мен жақын туыстарына көңіл ауту жеделхатын жолдады. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ 

"Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын"

Айта кетейік, Жұмабай Шаштайұлы 1950 жылы Алматы облысы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ол өмірінің 25 жылдан астамын қазақ баспасөзін дамытуға арнаған. Жазушы ретінде Жұмабай Шаштайұлы "Аспанқора", "Шал мен жылқы", "Құралайдың салқыны" сияқты классикалық шығармаларымен танымал.