Түркістан
EN

Бөген су қоймасынан қауіп төніп тұр

106
11.03.2024

Бөген су қоймасына төтенше жағдай қаупі төніп тұр. Мұны қазақстандық ауыл шаруашылығы маманы Кирилл Павлов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алайда облыстық әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жауапты мамандардың сөзінше, су қойманың беріктігін арттыру мақсатында өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта қоймадағы су авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті құралдармен қамтамасыз етілді. Әрі мұнда келетін су көлемі де төмен көрінеді.