Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Бүгін Елордада осы іс аясында сот процесі өтті. Оған қасақана адам өлтіру, зорлық-зомбылық фактілері бойынша айып тағылып отыр. Ал, оның адвокаты істі прокурорға қайта қарауына жіберуді сұрады. Сондай-ақ прокурор Айжан Аймағанованың айтуынша бұрынғы министр мен марқұм Салтанат Нүкенова заңды некеге тұрмаған болып шықты. Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.