Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы жануарларына 30,1 миллион вакцина егіледі

95
11.03.2024

Түркістан облысындағы төрт түлікке биыл 30 млн.нан аса вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл екпе 16 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы. Қазір аудан мен қалаларға вакцинаның 12 млн.нан аса дозасы жеткізілген. Өңір әкімі ветеринария басқармасына эпизоотиялық жағдайды, яғни төрт түлік арасында жұқпалы аурудың өршімеуін тапсырды. Оған қоса мал өлекселерін арнайы шұңқырларға тастауды бақылауға алуды жүктеді. Ал, ветеринврия басқармасының басшысы ірі қара мен уақ малда  бруцеллез ауруы өткен жылдарға қарағанда азайған дейді.