Түркістан музыкалық драма театры - Францияда. Өнер ұжымы Бельфор қаласының ұлттық театр сахнасында "Қорқыт туралы аңыз" атты пластикалық спектаклін сахналады. Туынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылды. Шығармада Қорқыт пен жер бетін араздыққа айналдыруға тырысқан пері қызы - Мартудың арасындағы мәңгілік айқас заманауи хореография тілімен әсерлі бейнеленеді.