Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы ұшақтарының авиаотыны сарқылған мәлімдеді. Сол себепті енді ұшақ билеті де қымбаттауы мүмкін. Әуетасымалдаушы компания ақпаратына сәйкес, Қазақстанның үш қаласында жағдай ушығып кетті. Ақтауда отын қоры алдағы төрт күнге, Ақтөбе мен Нұр-Сұлтанда екі күнге ғана жетеді. Air Astana авиакомпаниясын қоспағанда, барлық компания осы мәселемен бетпе-бет келген. Ал Қазақстанның энергетика министрлігі бұл жағдай болатыны алдын ала ескертілген дейді. Яғни, қыркүйектің басында Қазақстанның барлық әуе компанияларына әуе отынын шығаратын Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары қолбайлау болып тұр дейді жауаптылар.