Ауыл тұрғындарының тұрмысына зор ықпал еткен «ауыл аманаты» биыл да жүзеге асады. Өткен жылы жоба аясында облыстағы 3200-ден астам адам түрлі кәсіп бастаған. Басым көпшілігі мал шаруашылығын қолға алды. Осы тұста Сайрам ауданы көш бастап келеді. Шаруалардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен тілшіміз тілдесіп қайтқан еді.