Түркістан
EN

Семей мен Жетісу облысын су басты

37
11.03.2024

Абай мен Жетісу облыстарын су басты. Өткен түнде Семей көшелерінен 1500 текше метр су айдалып, арық тазарту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға 60 құтқарушы мен 20-дан аса техника жұмылдырылған. Ал Жетісу облысының Алакөл ауданы Бескөл станциясында 10 жеке тұрғын үйдің ауласын су басқан.  Бұған егістік жерлердегі қардың қарқынды еруі себеп болды. 40 адам, 9 бірлік техника және 9 мотопомпа еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту жұмыстарын жүргізуде.