Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы әлі орнатылған жоқ. Бүгін Парламент Сенатының отырысында депутат Бауыржан Қаниев бағаны ұстап тұру бойынша Үкімет қабылдаған шараларды сынға алды. Оның сөзінше, азық-түлікпен әр аймақ өзін-өзі қамтып отырса, тасымал шығынынан арылу арқылы баға тұрақтайды және оның өсімін тоқтату үшін әр тауардың шектік бағасын бекіту керек. Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде жыл басынан бері сәбіз 45, картоп 38, күнбағыс майы 16, пияз 10, қант 9 процентке қымбаттаған.