Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл. Осыған орай тарихи-танымдық дөңгелек үстелі өтті. Оған тарихшы, шығыстанушы ғалымдар мен студенттер қатысты. Қазақ хандығы кешегі Алтын Орданың тікелей мирасқоры десек, сол орданың тарихы Жошы ұлысынан тамыр тартады. Бүгінде Ұлытау даласында республикалық маңызға ие 12 тарихи-мәдени кешен бар. Оның тең жарымы Жошы дәуіріне тиесілі. Дегенмен оның тарихы толық зерттеліп біткен жоқ дейді ғалымдар. Жиында тарихшылар тың деректермен бөлісіп, мазмұнды баяндамалар жасады.