Түркістан
EN

Түркістан облысында жыл басынан бері 55 жемқорлық фактісі тіркелген

152
29.10.2021

Түркістан облысында жемқорлық тиылар емес. Әсіресе тұрғын  үй, коммуналдық шаруашылығы сыбайластықтан көз ашпай отыр. Жыл басынан бері 15 жағдай анықталып, іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 9 айлық есебі осылай қортындыланды. Қылмыстардың ішінде жыл басынан бері  сыбайластыққа жол берген 55 жағдай тіркелген. 36 дерек  жедел жолмен анықталып отыр. Ал әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларында – 12 жағдай. Погондылардан 11 жемқорлық дәйегі анықталды. Білім беру және құрылыс салаларында 10 қылмыс әшкерленді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысты жыл басынан бері 25 қылмыс анықталған. Осының аясында мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 561 млн.тенгені құрап отыр. Нәтижесінде 336 млн.тенге мемлекетке қайтарылған.