Облыс орталығында «саяхат журналистикасы мен арт-журналистиканы дамытудың маңызы» тақырыбында семинар өтті. Жиынға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері жиналған. Онда зиялы қауымнан құралған спикерлер сөз сөйлеп, арт-журналистиканың маңызына тоқталды. Игі іс «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай ұйымдастыралып отыр. Редакция ұжымы мерейтойдың құрметіне жыл соңына дейін 20 іс-шара өткізуді қолға алғанын айтады.