Ал Алматыдағы сейсмология институтының қызметкерлері бейшараның күнін көріп отыр. Мекеменің жағдайы мүшкіл екенін бүгінгі мәжіліс отырысында депутат Бақтыжан Базарбек айтты. Оның сөзінше, аталмыш институтқа ешқандай қолдау жоқ. Тіпті ғылыми жобаларын министрлік қайтарып жібергенін жеткізді. Сондай-ақ, бүкіл қаржыландырудан қысқарып, айлықтарын да ала алмай отырған көрінеді. Сейсмостанциялардың жағдайы тіпті сұмдық деген депутат институтты Ғылым министрлігіне өткізуді ұсынды.