«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА». Түркістанда халықаралық әйелдер күніне орай осындай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында аймақтың түкпір-түкпірінде ел игілігіне талмай еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер, іскер әйелдер мен ақ жаулықты әжелер қауымына сый-құрмет көрсетіліп, алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» табыс етілді. Түркістан музыкалық драма театрында өткен мерекелік іс-шара мағыналы әрі мазмұнды, шабыт пен сезімге толы концертпен өрнектелді.