Елімізде несие алу қиындайды. Дәл қазір Парламент қабырғасында депутаттар кредит беру тәртібі мен қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын талқылап жатыр. Бұдан өзге ғылым саласын дамыту мен бизнес жүргізу мәселелері де қаралып жатыр. Дәл қазір әріптесім Дәурен Сейітжанұлы мәжілістің жалпы отырысы жайлы толығырақ баяндап беруге дайын тұр. Дәурен сөз өзіңізде.