Түркістан
EN

Түркістандық тәртіп сақшылар 19 жастағы жігітті өлім аузынан аман алып қалды

66
06.03.2024

Түркістандық тәртіп сақшылары 19 жастағы жігітті өлім аузынан аман алып қалды. Бәйдібек ауданының учаскелік полиция инспекторларына  жергілікті тұрғын үйде қалған ұлымен байланыса алмай отырғанын айтып, көмек сұраған. Сақшылар жедел оқиға орнына жетіп, пәтер есігін қағып, қоңырау соғады. Үйдің ішінен ұялы телефонның шырылы естілгенімен ешкім жауап бермеген. Полицейлер есікті күшпен ашып, үйде ес-түссіз жатқан жігітті көрген. Жедел түрде қызметтік көлікпен орталық ауруханаға жеткізген. Оқиғағаға газ жүйесіне ақау келіп, көгілдір отынның үйге таралуы себеп болған.