Түркістан
EN

Түркістанда қызғалдақ гүл ашты

459
05.03.2024

Түркістанда көктемнің символы саналатын қызғалдақ қауызын ашты. Гүлдер Қожа Ахмет Ясауи университетінің ботаникалық бағында егілген. Бұл жоба 2022 жылдан бастап қолға алыныпты. Алғашында қызғалдақтың 3 мың данасын өсірген жылыжай көлемі қазір ұлғайып, 9 мың эксклюзивті Голландиялық қызғалдақ гүлдеген. Көздің жауын алар әсем гүлдердің мекеніне тілшіміз Шынар Әділханқызы барып келді.