Көктем шыға су арнасы бойын жағалай қоныстанған халықтан маза кетеді. Себебі қыс бойы ұйқыда жатқан шіркейлер оянып, адам түгілі үй жануарларының тіршілігіне зиян келтіреді. Әсіресе «Көксарай» су қоймасы маңындағы халық зардап шегіп отыр. Сондықтан былтыр сәуірде басталған жұмысты жауапты мамандар биыл ертерек бастап, дезинсекция жұмыстарына кіріскелі отыр.