Түркістанда халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты форум өтті. Іс-шараға “AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» мұрындық болды. Жиынның мақсаты- әйелдердің саясатқа, мемлекеттік басқаруға, бизнеске қатысуына мүмкіндіктер жасап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін талқылау. Форум барысында аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген нәзік жандыларға сый-құрмет көрсетілді.