Түркістан
EN

Пенжім ауданындағы жағдай тұрақталды

212
29.10.2021

Алматы облысы Пенжім елді мекенінде оқушылар арасындағы төбелес жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Жанжал кезінде басына зақым келген жасөспірімге ота жасалған. Ал оқиғаның қалай болғанын куәгерлер түсіріп алыпты.

Полицияның дерегі бойынша, мектеп ауласында 30-ға жуық оқушы төбелескен. Осыдан кейін кейбір жасөспірімдер мен жас азаматтар арандатушылардың ықпалымен жеке үйлердің терезесіне тас лақтырып, көлік терезелерін сындырған. Тәртіпсіздік кезінде бір үй өртеніп кеткен. Бірақ әкімдік қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты жоқ дейді. Полиция мектептегі төбелес және одан кейін ауылда болған тәртіпсіздік фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева болған қақтығыстың ұлтаралық алауыздыққа қатысы жоқ екенін және қазір елді мекендегі жағдай тұрақталды деп мәлімдеді.