Түркістан
EN

Алматыда жер сілкінісінен 156 нысан бүлінген

109
05.03.2024

Алматыда жер сілкінісінен 156 нысан бүлінген. Зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Ибрагимов айтты. Оның сөзінше, жеке тұлғаларға мемлекет жәрдемдеседі. Ал заңды тұлғаларға қала әкімдігі немесе үкімет көмек көрсетпек. Қазір шаһар бойынша зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны анықталып, тізім жасалып жатыр. Осыдан кейін келтірілген залалды кім өтейтіні белгілі болады.