Түркістан
EN

Полиция бопсалаушы қылмыстық топты ұстады

69
05.03.2024

Қызылорда облысының 6 тұрғыны екі азаматты пәтерде қару-жарақпен қорқытып, ұрып соққан. Оларды екі күн бойы қамап ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефонын тартып алған. Ол аздай, тағы 1 миллион теңге талап еткен. Ауыр қылмысқа күдіктілер 8 ақпан күні Астана-Павлодар тас жолында ұсталды. Жыл басынан бері елімізде дәл осындай 130-дан астам қылмыстың жолы кесілді. Оның ішінде қылмыстық топтар да бар. Барлық факті бойынша күдіктілер ұсталған.