Қызылорда облысында 9 түйені атып, сойып алған қылмыскерлер ұсталды. Осы жылдың ақпан айында аудандық полиция бөліміне малдары ұрланған ауыл тұрғындарынан арыз түскен. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, 24 пен 30 жастағы күдіктілерді қолға түсіреді. Олар түйелерді далада жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі анықталған. Қазір олар аудандық полиция бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен патроны, бірнеше пышақ, мал терісі алынды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ал полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.