Биылдан бастап Наурыз мерекесі тек батыс өңірінде емес, барлық аймақта «Көрісу» дәстүрінен бастау алады. Сондай-ақ Түркістанда Ұлыстың ұлы күні былтырғыдай 10 күн қатарынан тойланбақ. Наурыз мейрамын мерекелеу барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде пысықталды. Өңір басшысы Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.