Түркістан
EN

Семейде бес жыл іздеуде болған қылмыстық топ ұсталды

289
04.03.2024

Абай облысында 5 жылдан бері іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. 2018  жылдың желтоқсанындағы оқиға кезінде Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынын атып өлтірген. Өзге қылмыскерлер дер кезінде ұсталғанымен аталған азамат 5 жылдан кейін ғана қолға түсті. Осы уақытқа дейін бой тасалап келген оны полицейлер Үржар ауданының аумағында құрықтады.