Түркістандық бір топ шаруалар биыл да субсидиядан қағылатын түрі бар. Қажетті деген құжаттарын жыл басында-ақ тапсырып қойған. Енді, көмекке қол жеткіземіз бе деп отырғанда, басқармадағылар құжаттарың түгел емес деп қайтарып жіберген көрінеді. Бұл тек биыл ғана болған жағдай емес. Өткен жылы да тура осылай болыпты. Ашуға булыққан шаруалар неге ертерек айтпайтынын түсінбей дал. Себебі, екі айда құжат дайындап үлгеру мүмкін емес. Шаруалардың базынасын әріптесіміз Жандос Тастемір тыңдап қайтты.