Ақтауда екі жарым жасар бала сауда орталығындағы эскалатордан жарақат алды. Жағдай 1 наурызда қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травмотолгия бөлімшесіне жеткізілген оның саусақтарының ұшы кесіліп кеткен. Науқасқа қосымша тері жалғанды. Бүлдіршін анасының өтінішімен үйіне шығарылды. Осыған ұқсас тағы бір оқиға аулада тіркелді. Әткеншекке қолын оңдырмай қысқан 7 жасар қыз баланың да жұмсақ тіндері түсіп қалған. Дәрігерлер оны сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту емінен өтіп жатыр.