Түркістан
EN

Жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

115
04.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Шыңғыс Әріновтің айтуынша, қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалған. Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.