Еліміз бойынша елді мекендерге 15 млн, ал Түркістан облысында 1,5 млн көшет отырғызылады. Бұл Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан» іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы аясында жүргізілуде. Жалпы көгалдандыру жұмысына қанша түп ағаш отырғызылды? Қандай жұмыстар атқарылуда? Толығырақ тілші тарқатады.