Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түсті. Әлеуметтік желіде тараған видеода жүк пойызының қозғалысы кезінде көпірдің бір бөлігі құлағаны көрінеді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Дегенмен туннель арқылы іргедегі шағынауданға ағылған көліктер сағаттап қаңтарылып қалды. Ал көпірдің апатты жағдайына алаңдаған жергілікті жұрт бірнеше жылдан бері өткелді жөндеуді әрі балама жол салуды сұрап келеді.