Алматыда тағы да жер сілкінді. Дүмпулердің күші 5,4 баллға жеткен. Қалада ескерту жүйесі іске қосылып, тұрғындардың барлығы сыртта жүр. ТЖМ қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүлінуіне мониторинг жүргізіп жатыр. Зілзала ошағы қаладан 31 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.