Түркістан
EN

Кентауда 4 қазандық жұмыс істеп тұр

172
01.03.2024

Кентау қаласында жылу энерго орталығының төрт қазандығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Былтыр желтоқсан айында шаһарда жылу өшіп, жұрт әбігерге түскен еді. Басты себеп табиғаттың тосын мінез танытып, желдің көтерілуі. Қазір 90 жылдық тарихы бар орталықтың ескі қазандықтары жөнделіп жатыр.