Келер айдың соңында 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлап отыр. Ол үшін елге арнайы Пфайзер компаниясының вакцинасы әкелінеді. Екпе медициналық мекемелерде ғана салынады. Ол үшін ата-аналар жазбаша түрде рұқсат беруге тиіс. Егер балаға салдырғысы келмесе, ешкімді мәжбүрлемейміз дейді жауаптылар. Дегенмен жасөспірімдерге екпе салдыруға қатысты елдің пікірі қалай?