Түркістан
EN

Сауран ауданында ақындар айтысы өтті

227
01.03.2024

Сауран ауданында республикалық ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің түрлі өңірінен жыр майталмандары келді. Сайыс Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның құрылғанына 3 жыл, Қазақстан Республикасы мәслихатының құрылғанына 30 жыл, ұлт қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған. Айта кетсек Сауран өңірі құрылған сәттен ұлттық өнерді дәріптеп келеді. Бәйгенің жүлде қоры 1 миллион теңге және қомақты сыйлықтары бар. Сөз шеберлерінің бәйгесінде бірінші жүлделі орынды Саурандық Еркебұлан Қайназаров алды.