Түркістан
EN

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

171
01.03.2024

Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына баяндады. Бұдан бөлек, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мен экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті. Отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.