Заңгерлер тегін кеңес берді

226
01.03.2024 16:20

Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЗАҢГЕРЛЕР халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі қаржылық сауаттылық, кепілсіз несие, жер телімдерін заңдастыру төңірегінде сұрақ қойды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада тұрғындар көп сауалға жауап ала алды. Алдағы уақытта облыстың барлық өңірінде аталған жоба аясында тұрақты түрде тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілетін болады.