Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады. Президент бүгін береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке екенін айтып, бұл күні татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптелетінін жеткізді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы елді көркейтуге өз үлесін қосып тынымсыз тер төгіп жүрген азаматтарға алғысын айтты.