Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. 1 наурызға қараған түні сағат 0.00-де Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытауда аймақтарда сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды. Осылайша, еліміздің бүкіл аумағы 5-ші сағаттық белдеуге көшті. Үйреншікті уақыттан 1 сағат кейінге жүрген Түркістандықтар уақыттың ауысуын қалай қабылдады.