Түркістан
EN

Жалпыұлттық санақ: Түркістандық тұрғындар саны 220 мыңға жетті

64
28.10.2021

Түркістан қаласының халқы 100 пайыз санақты аяқтады. Осылайша қала тек облыс бойынша емес Республика көлемінде де бірінші болып халық санағын қортындылап отыр. Нәтижесінде шаһар халқы 220 мыңға жетті. Бұған дейін 179 мың адам деп есептелінген болатын. Ал Түркістан облысы еліміздегі санақ бойынша көрсеткіші бойынша 98,6 пайызды құрап екінші орында тұр. Қалған үш күн ішінде қалған облыс тұрғындарын толығымнн түгендеп бітеміз, дейді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.