Қазақтар арабтарға алты ай қақталып, алтын жалатылған ет сатпақшы. Шығанақ елдері елімізде өскен органикалық ауыл шаруашылығы өнімдеріне қызығып отырған көрінеді. Отандық кәсіпкерлерінің тауарлары Дубайда ашылған Қазақстанның сауда үйінде сатылады. Бұл туралы Дубайдағы ЭКСПО алаңында өткен Қазақстан-Әмірліктер іскерлік форумында белгілі болды. Іс-шараға екі елдің екі жүзден астам бизнес өкілдері қатысты. Қос тарап сауда-саттық, ІТ, мұнай сервисі саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі.