Ертең, яғни көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесі. Аталған дата осымен 8 ші жыл қатарынан тойланып келе жатыр. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Елімізідң халқы көп Түркістан облысында 50ге жуық этностың 600 дей өкілдері тұрады. Облыс халқының 25 пайызын құрайды.Бүгінде оның бәрі тату һәм бауырмал деуге болады. Алғыс айту мерекесінде олар қазақ еліне рахметтерін айтуда. Олар мемлекет басшысының Жаңа қазақстанды құру идеясын қуаттап, еліміздің дамуына үлес қосуға ниетті екендерін де жеткізді.